13:57 17 Шілде 2018
Тікелей эфир
  • USD342.49
  • EUR400.85
  • RUB5.51
СІМ

Сириялық оппозиция келіссөздерді тастап кеткен жоқ – ҚР СІМ

Министерство иностранных дел РК
Саясат
Қысқа сілтеме алу
9 0 0

Сириялық оппозиция делегациясы келіссөздер процессіне белсенді қатысып отыр

АСТАНА, 3 мамыр — Sputnik. Қаруланған сириялық оппозиция өкілдері  келіссөздерді тастап кеткен жоқ – олар келіссөздердің төртінші раундының бірінші күніне белгіленген кездесудің барлығын өткізіп, қонақ үйден кетіп қалды. Қаруланған оппозиция келіссөздердің екінші күніне де қатысады, деп хабарлады ҚР СІМ Азия и Африка департаментінің директоры Айдарбек Тұманов. 

Дипломаттың атап өтуінше, оппозиция делегациясы келіссөздер процесіне белсенді қатысып отыр. Бұл жолы Астанаға солтүстік және оңтүстік фронтының әртүрлі топтарынан 19 адам келген. 

"Қазір әскери оппозиция делегациясы кетіп қалды, өйткені олардың барлық кездесулері аяқталды. Олар БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистурамен, АҚШ өкілдерімен кездескен. Барлығы жұмыс тәртібінде өтіп жатыр. Ертең де оппозиция барлық келіссөздерге қатысады", — деп нақтылды Айдарбек Тұматов. 

Бұдан бұрын арабтық "Аль-Джазира" телеарнасы қаруланған оппозицияның Астанадағы Сирия бойынша келіссөздерінің төртінші раундынан кетіп қалғаны туралы хабарлаған болатын. 

Басты тақырыптар