Саясат

Елбасы Әбіқаевпен кездесті

Елбасы Парламент Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Нұртай Әбіқаевты қабылдады
Елбасы Парламент Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Нұртай Әбіқаевты қабылдады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Назарбаев қоғамдық сананы жаңғырту процесінде ел парламентінің маңызды рөл атқаратынын атап өтті

АСТАНА, 17 мамыр — Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сенат депутаты, халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Нұртай Әбіқаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

 

Мемлекет басшысы кездесуде саяси және экономикалық реформаларды іске асыру, сондай-ақ қоғамдық сананы жаңғырту процесінде ел Парламентінің маңызды рөл атқаратынын атап өтті.  

 

"Біз даму бағдарламаларын қабылдадық. Менің Қазақстан халқына Жолдауымды және экономикалық реформалар мен қоғамның рухани жаңғыруын іске асыру үшін заңнамалық база қажет. Осы жұмысқа белсенді түрде атсалысуға Сіздің тәжірибеңіз бен біліміңіз жеткілікті деп сенемін", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Нұртай Әбіқаев Қазақстан Президентіне елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін Парламент депутаттары алдына қойылған міндеттердің орындалу барысы туралы баяндады.


Жаңалықтар
0