02:36 23 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Сирия бойынша келіссөздер

Астанада Сирия бойынша кезекті келіссөзді өткізуге ЭКСПО кедергі келтірмейді

© Sputnik / Ксения Воронина
Саясат
Қысқа сілтеме алу
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі (87)
11 0 0

Елордамызда шілде айының ортасында сириялық келіссөздердің бесінші раундын өткізу жоспарланған

АСТАНА, 18 мамыр — Sputnik. "ЭКСПО-2017" көрмесін өткізу уақытымен сәйкес келіп тұрған Сирия бойынша кезекті келіссөзді өткізу мерзімін өзгерту туралы мәселе қарастырылмайды, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.

"Өткізу мерзімін немесе орнын ауыстыру туралы мәселе қозғалмайды. Менің ойымша, ЭКСПО көрмесі аясында Астаналық процестің кезекті кездесуін өткізуге Қазақстанның әлеуеті жетеді", — деді Әбдрахманов бейсенбі күні брифингте.

"Астана процесі аясында өткізілген алдыңғы отырыстарда қабылданып, кепіл елдер қол қойған меморандумда бекітілгендей, келіссөздердің келесі раунды биыл шілде айының ортасына жоспарланған", — деді министр.

Бұл келіссөзге дейін Анкарада сарапшылар деңгейінде кездесу өткізу жоспарланып отыр екен.

Тақырып:
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі (87)

Басты тақырыптар