Саясат

Елбасы Иран президентін қайта сайлануымен құттықтады

© SputnikАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президденті сайланған президентке зор денсаулық, жауапты қызметіңізге табыс, ал достас Иран халқына бейбіт өмір және бақ-береке тіледі

АСТАНА, 21 мамыр — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Хасан Руханиге Иран Ислам Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Х.Руханиді Иран Ислам Республикасы Президентінің сайлауында айқын жеңіске жетуімен құттықтады.

"Сайлауға азаматтардың белсене қатысып, Сізді жан-жақты қолдауы – саяси және экономикалық бағдарламаларыңызға халықтың сенімі артқанының дәлелі. Сіздің басшылығыңызбен Иран өзінің даму жолында жаңа табыстарға қол жеткізетін болады. Қазақстан мен Иран арасындағы достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастық елдеріміздің игілігі үшін жалғаса береді деп сенемін. Сізге зор денсаулық, жауапты қызметіңізге табыс, ал достас Иран халқына бейбіт өмір және бақ-береке тілеймін", – делінген жеделхатта.


Жаңалықтар
0