Саясат

Патриарх Кирилл "Достық" орденімен марапатталды

© Photo : пресс-служба посольства Казахстана в РФИманғали Тасмағамбетов Патриарх Кириллге "Достық" орденін табыс етті
Иманғали Тасмағамбетов Патриарх Кириллге Достық орденін табыс етті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Орыс православ шіркеуінің жетекшісі достық пен ынтымақтастықты нығайтудағы сіңірген еңбегі үшін жоғары наградаға ие болды

АСТАНА, 24 мамыр — Sputnik. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кириллге I дәрежелі "Достық" орденін тапсырды, деп хабарлайды РФ-дағы қазақстандық елшіліктің ресми сайты. 

РФ мәдениет министрі Владимир Мединский - Sputnik Қазақстан
Саясат
РФ мәдениет министрі Владимир Мединский "Достық" орденімен марапатталды

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Орыс православ шіркеуінің жетекшісі "мемлекеттік және қоғамдық қызметке, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтудағы сіңірген еңбегі үшін" жоғары наградаға ие болды.

Иманғали Тасмағамбетов осынау айтулы күні Қазақстан Республикасы мен ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан награда тапсыру үлкен мәртебе екенін айтты. "Бұл Сіздің бейбітшілік пен келісімді, екі елдің халықтары арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтудағы тынымсыз әрі өлшеусіз еңбегіңізге деген айрықша құрмет", – деп атап өтті қазақстандық дипломат.

"Қазақстанда исламмен қатар, православ діні де қоғамдық өмірде ерекше орны бар жетекші конфессиялардың бірі. Біздің елімізде Орыс православ шіркеуі өте маңызды жасампаз қызметті атқарады", – деді елші.

Өз кезегінде Патриарх Кирилл көрсетілген жоғары марапат үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алығысын жеткізіп, барша қазақ халқына бейбіт өмір мен өсіп-өркендеуіне ниеттестік білдірді.


Жаңалықтар
0