16:51 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
НАТО

Сарапшы: Ресейдің Балтық елдері мен Польшаға қарсы басқыншылық жасауының еш мәні жоқ

© Sputnik / Сергей Степанов
Саясат
Қысқа сілтеме алу
910

Еуропа тұрғындары арасында жүргізілген сауалнама көрсеткендей, Италия мен Германия тұрғындары Ресейдің Польша мен Балтық елдеріне басқыншылық жасауы мүмкін деген оймен келіспейді

АСТАНА, 25 мамыр — Sputnik. 2016 жылы маусымда НАТО Ресей тарапынан болуы мүмкін басқыншылықтан қорғану үшін Балтық елдері мен Польшада төрт батальонның жасақталғанын хабарлаған.

Жақында жүргізілген Sputnik сауалнамасының нәтижелері көрсеткендей, Италия мен Германиядағы (69% мен 60%) респонденттердің басым көпшілігі, француздардың 47%-ы Ресей Польша мен Балтық елдеріне басқыншылық жасамақшы деген пікірмен келіспейді.

АҚШ пен Британия тұрғындарының пікірі қарама-қайшы: АҚШ-та тұрғындардың 55%-ы басқыншылықтың болуы мүмкін дейді, ал Ұлыбританияда — 43%.

Бір қызығы, респонденттердің пікірі олардың білім деңгейлерімен сәйкес келеді. Сонымен, АҚШ-тың жоғары білімді азаматтарының 59%-ы Ресей көрсетілген елдерге басқыншылық жасайды деп санайды. Ұлыбританияның оқыған тұрғындары да сол пікірмен келіседі — 48%.

Алайда білім деңгейі төмен адамдар Ресей басқыншылығына сенбейді — АҚШ-тағы білім деңгейі төмен тұрғындардың 48%-ы Ресейдің Польша мен Балтық елдеріне басқыншылық жасауы мүмкін дейді, ал Ұлыбританияда бұл пікірді ұстанатындар саны 37%.

Еуропа құрлығында жағдай басқаша. Адамдардың білімі жоғары болған сайын, күмәндары да күшейе түседі.

Ресей көрсетілген елдерге басқыншылық жасайды деген пікірмен келіспейтіндер: жоғары білімді француздардың 54%-ы төмен білімді респонденттердің 42%-ына қарсы; 62-65% жоғары білімді немістер 50% төмен білімді немістерге қарсы; орта және жоғары білімі бар 71-72% итальяндар, білімі төмен 60% итальяндарға қарсы.

Саясаттанушы Сұлтанбек Сұлтанғалиевтың пайымдауынша, НАТО-ның Балтия елдеріндегі әрекеті — арандатушы саясаттың мысалы болып табылады.

"Ресейдің әскери доктринасы қорғаныстық сипатқа ие, бірақ мәселе тіпті ресми құжатта да емес, РФ Балтық елдері мен Польшаға қарсы басқыншылық жасауының еш мәні жоқ", — деп пікір білдірді Сұлтанғалиев.

РФ-ның аталған елдерге басқыншылық жоспары туралы қауесетті сарапшы мүлдем ақылға сыймайды деп санайды.

Басты тақырыптар