Саясат

Елбасы Шри-Ланкадағы су тасқынынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты

© REUTERS / Dinuka LiyanawatteШри-Ланкадағы су тасқыны
Шри-Ланкадағы су тасқыны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шри-Ланкадағы су тасқынынан 557-ден астам адам зардап шекті

АСТАНА, 29 мамыр — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының Президенті Майтрипала Сирисенаға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Мемлекет басшысы биылғы 28 мамырда Шри-Ланкадағы су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қаза болғандардың жақындарына және барша достас Шри-Ланка халқына көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтастығымды білдіремін. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін", – делінген жеделхатта.


Жаңалықтар
0