Саясат

Финляндия президенті Астананы роликпен аралады

© SputnikФинляндия президенті Сауле Ниинистё Астанаға келді
Финляндия президенті Сауле Ниинистё Астанаға келді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Финляндия президенті ролик конькиімен серуендеп, Астананы аралап шықты

АСТАНА, 19 маусым — Sputnik. Финляндия президенті Сауле Ниинисте Астанаға жұмыс сапамен келіп, ең алдымен Қазақстан елордасында конькимен серуендеуді жөн көрген. 

Финляндия басшысын Астана халықаралық әуежайында энергетика министрі Қанат Бозымбаев пен сыртқы істер министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев, Қазақстанның Финляндиядағы елшісі Мұрат Нұртілеуов және оның фин әріптесі Илкка Райсанен қарсы алды.  

Шетелдік қонақ отельде киімін ауыстырып алып, ролик конькиімен қазақстандық елорданың көрікті жерлерін аралап шығуды ұйғарды. 

Сауле Ниинистенің сапар бағдарламасында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздер өткізу, фин ісерлік орта өкілдерімен кездесу жоспарланған. Ол сонымен қатар, Финляндияның ЭКСПО-дағы ұлттық күніне қатысады. 

© Sputnik Финляндия президенті Саули Ниинистё Астананы роликпен аралап шықты
 Финляндия президенті Саули Ниинистё Астананы роликпен аралап шықты - Sputnik Қазақстан
Финляндия президенті Саули Ниинистё Астананы роликпен аралап шықты
Жаңалықтар
0