Саясат

ҚР Парламенті Сенатына кімдердің сайланғаны белгілі болды

© Sputnik / Болат ШайхиновСенаттың жалпы отырысы
Сенаттың жалпы отырысы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әр облыстан, Астана және Алматы қалаларынан бір депутаттан барлығы 16 депутат сайланды

АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. 2017 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы отырыс барысында 2017 жылғы 28 маусымға болған ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау қорытындыларын анықтады.

Сайлау Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі Жарлығына, ҚР Конституциясына және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына сәйкес жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау қорытындысы бойынша сайланғандар:

  • Ақмола облысынан — Әділбеков Дәурен Зекенұлы;
  • Ақтөбе облысынан — Жұмағазиев Мұхтар Сабырұлы;
  • Алматы облысынан — Қылышбаев Нұрлан Наурызұлы;
  • Атырау облысынан — Дүйсембаев Ғұмар Ислямұлы;
  • Батыс Қазақстан облысынан — Төреғалиев Нариман;
  • Жамбыл облысынан — Нұрәлиев Әбдәлі Тоқбергенұлы;
  • Қарағанды облысынан — Әбдікеров Рысқали;
  • Қостанай облысынан — Нұрғалиев Жеңіс Мирасұлы;
  • Қызылорда облысынан — Бақтиярұлы Мұрат;
  • Маңғыстау облысынан — Шелпеков Бақтыбай Ақбердіұлы;
  • Оңтүстік Қазақстан облысынан — Құртаев Әлімжан Сейітжанұлы;
  • Павлодар облысынан — Нұрсипатов Нұржан Нұрланбекұлы;
  • Солтүстік Қазақстан облысынан — Сұлтанов Ерік Хамзаұлы;
  • Шығыс Қазақстан облысынан — Мусин Дүйсенғазы Мағауияұлы;
  • Астана қаласынан — Мамытбеков Еділ Құламқадырұлы;
  • Алматы қаласынан — Нүкетаева Динар Жүсіпәліқызы.

Жаңалықтар
0