Саясат

Қазақстанға ресми сапармен Германия президенті келді

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуФранк-Вальтер Штайнмайер
Франк-Вальтер Штайнмайер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Германия президентімен кездесті

АСТАНА, 12 шілде  – Sputnik. Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізге ресми сапармен келген Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Сайлаудан кейін елімізге ресми сапармен келгеніңізге қуаныштымын. ЭКСПО-2017 көрмесіне арнайы келгеніңіз үшін алғыс айтамыз", — деді Назарбаев екі жақты кездесу барысында. 

Мемлекет басшысы Франк-Вальтер Штайнмайерді Германияның федералдық президенті болып сайлануымен құттықтады.

Хакер, программист - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елбасы: цифрлық технологиялардың пайдасы зор, бірақ олардан төнетін қауіп те бар

"Сіз әлемге белгілі, сыйлы саясаткерсіз. Герман халқы өте беделді президентке қол жеткізді деген ойдамын. Сізбен көптен бері таныспыз, көптеген кездесу өткізіп, сіз сыртқы істер министрі болған кезде түрлі мәселелерді талқылағанбыз", — деді Елбасы. 

Президент Германияның үлкен мемлекет, әлемнің ірі экономикасы екенін атап өтті.

"Германиямен жақсы серіктес екенімізге қуаныштымыз. Қазір ынтымақтастығымыздың жаңа бағдарламалары бар. Біз қарым-қатынасымызды барлық бағыттар бойынша дамытуға мүдделіміз. Сіздің сапарыңыздың аясында Қазақстан-Германия іскерлік кеңесі өтті, бизнес-құрылымдар арасында жиырмаға жуық келісімге қол қойылады. Біз келіссөздер өткізіп, сізбен бірге ЭКСПО көрмесін аралаймыз, сіздің елдің павильонын тамашалаймыз", — деді Назарбаев.

Айта кетейік, Франк-Вальтер Штайнмайер Германия президенті болып 2017 жылы 19 наурызда сайланды. Ол әр жылдары Германия вице-канцлері, Сыртқы істер министрі болып қызмет етті.

Жаңалықтар
0