Саясат

Германия президенті Қазақстандағы конституциялық реформаны жақсы бағалады

© Официальный сайт Президента КазахстанаФранк-Вальтер Штайнмайер және Нұрсұлтан Назарбаев
Франк-Вальтер Штайнмайер және Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанға ресми сапармен Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер келді

АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Германия президентінің елімізге ресми сапары аясындағы кездесулердің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 1 млрд доллар болатын 20 келісімге қол қойылды. Бұл туралы мемлекет басшыларының БАҚ өкілдеріне жасаған бірлескен мәлімдемесі барысында Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

ҚР СІМ ғимараты - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қазақстан РФ мен АҚШ арасындағы Сирия жөніндегі келісімдер бойынша мәлімдеме жасады

"Жоғары мәртебелі Германия федаралдық президенті Франк-Вальтер Штайнмайер мырзаға менің шақыруымды қабыл алып, Қазақстанға алғашқы ресми сапарымен келгені үшін шын жүрегіммен ризашылығымды білдіремін. Және ол менің шақыруыммен Германияның "ЭКСПО-2017" көрмесіндегі павильонының ашылуына өзі қатысатын болады. Бүгін жоғары деңгейлі келіссөздер нәтижелі болды деп есептеймін. Кездесуде саяси-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығымыздың қазіргі ахуалы, болашақтағы даму мәселелері жан-жақты талқыланды. Біз халықаралық және өңірлік үдерістерді қарастырып, тығыз ықпалдастықты орнатуға келістік. Сондай-ақ Қазақстан мен Германия арасындағы байланыстарды нығайтып, өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге уағдаластық", — деді Қазақстан Президенті. 

Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде Қазақстан мен Германия стратегиялық әріптестер деңгейіне шығып отыр. Екі елдің байланысы саясат пен экономиканың біраз салаларын қамтиды. Германия — Қазақстанның сенімді досы әрі басты әріптесі. Біздің елімізде неміс капиталы бар 900-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Соның арқасында 4 млрд доллардан астам тікелей инвестиция ел экономикасына құйылған. 

Франк-Вальтер Штайнмайер - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қазақстанға ресми сапармен Германия президенті келді

"Біз германиялық бизнестің Қазақстанның индустриаландыру үдерістеріне қатысу жайын талқыладық. Әсіресе, шикізаттық, өндірістік және теxнологиялық ынтымақтастық келісіміне баса назар аударуымыз қажет. Маман даярлау, энергетика мен ауыл шаруашылығы, көлік пен транзит саласында әріптестікті жалғастыра беру керек. Бұдан бөлек, Қазақстандағы жекешелендіру аясында бірлескен жұмысты күшейту керек. Біздің географиялық жағдайымызды ескере отырып, Қытайдан Германияға құрлық жолымен тасымалданатын жүктерді Қазақстан арқылы жеткізуге күш саламыз. Біз алғаш рет төртінші өндірістік революция саласындағы ортақ жобаларды Қазақстанда іске асырамыз. Үкіметаралық комиссия мен іскерлік кеңестің рөлі зор. Бүгінгі отырыс барысында 20-ға жуық келісімге қол қойылды. Олардың жалпы соммасы шамамен 1 млрд долларды құрап отыр", — деді Назарбаев. 

Өз кезегінде Германия президенті Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі тұрақтылықтың тірегі болып отырғандығын сөз етті.

"Құрметті Президент мырза, өңірдегі тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін ядролық қарудан бас тарту шешімін қабылдадыңыз. Жиырма бес бойы сіз  жоғары дипломатияға ұмтылып, көрші мемлекеттермен мүдделер тепе-теңдігін сақтауға тырысып жүрсіз. Сіздің халықаралық саясаттағы рөліңіз тек қорғаумен шектелмейді, сіз белсенді түрде әлемдік саясатқа да араласып жүрсіз. Мұны Сирия мәселесі бойынш келіссөздерге қатысты айтуға болады", — деді Штайнмайер.

Франк-Вальтер Штайнмайер - Sputnik Қазақстан
Саясат
Елбасы Германия президенті Штайнмайерді ЭКСПО-2017 көрмесіне шақырды

Ол келіссөздер барысында Қытайдың "Жібек жолы" бастамасы талқыланғанын атап өтіп, оның болашақта инвестициялық мазмұндағы жоба болып қана қоймай, Шығыс пен Батысты табыстыруға үлес қосатынына сенім білдірді.  

"Бұл ретте Еуропа мен Қытай арасындағы Қазақстанның маңызды рөл атқаратынына сенімдімін", — деді Германия президенті. 

Бұдан бөлек, ол Қазақстандағы конституциялық реформаларды оң бағалайтынын айтты.

"Саяси қорларымыз осы жерде жақсы жұмыс істейді. Біздің құқықтық мемлекетті дамыту бойынша кеңесші ретіндегі ұсыныстарымыз ды Қазақстан жақсы қабылдайды. Шын, мәнінде, өзгерістер бар.  Сіз өз өкілеттіктеріңіздің біразын парламент пен үкіметке беріп отырсыз", — деді ол.

"Біз Еуропаға жол ашу бойынша жұмыстар, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар жалғасын табады деген ойдамыз", — деп түйді сөзін Штайнмайер.


Жаңалықтар
0