Саясат

Қазақстанның әскери қызметкерлері АрМИ-2017-ге аттанды

© Photo : Министерство обороны РКәскери қызметшілер
әскери қызметшілер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық әскердің үздік өкілдері өз шеберлігін 28 байқаудың 17-сінде көрсетеді

АСТАНА, 24 шілде — Sputnik. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрамалары командаларының құрамында 300-ден астам әскери қызметші Әскери халықаралық ойындары конкурсына қатысу үшін Азербайжан, Беларусь, Қытай және Ресейге аттанды, деп хабарлайды ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 

Қазақстандық әскерилер АрМИ-дің 28 конкурсының 17-сіне қатысады. Қазақстан ойындарға жыл сайын қатысады. 

АрМИ қатысушылары бірнеше ай бойы көпдеңгейлі іріктеуден өткен "Астана", "Оңтүстік", "Батыс", "Шығыс" өңірлік басқарушылығының үздік әскери қызметкерлері болды. 


Жаңалықтар
0