Саясат

Қазақстан құрамасы АрМИ-2017-де үшінші орынға ие болды

© Photo : Министерство обороны Республики КазахстанҚазақстан құрамасы
Қазақстан құрамасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық әскерилер АрМИ-2017 конкурсында үшінші орынға ие болды. Біздің алдымызда Ресей мен Қытай ғана бар

АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Қазақстан қарулы күштерінің құрамасы Әскери халықаралық ойындарда жалпы командалық үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды республиканың  қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 

Мәскеу түбіндегі "Алабино" полигонында Әскери халықаралық ойындар 2017 аяқталып, олардың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрама командасы әлемнің 28 елінен келген 150 әсери командалары арасында үшінші жалпы командалық орынға қол жеткізді. 

Жарыстардың қорытындылары бойынша бірінші орынға Ресей Федерациясының командасы, екінші орынға Қытай құрама командасы ие болды.

Қазақстанның командасы ұйымдастырушылардың бағасы бойынша көрнекілердің бірі болып танылды.

"Ойын төрешілері алқасының мүшелері ҚР ҚК әскери қызметшілерінің жоғары дайындық деңгейлерін, кәсіпқойлықтары мен жауынгерлік дағдыларын атап өтті. Құрамамыздың қоржынында 3 алтын, 7 күміс және 5 қола медаль бар", — делінген хабарламада.

 

 

© Photo : Министерство обороны Республики КазахстанҚазақстан құрамасы
Қазақстан құрамасы - Sputnik Қазақстан
1/3
Қазақстан құрамасы
© Photo : Министерство обороны Республики КазахстанҚазақстан құрамасы
Қазақстан құрамасы - Sputnik Қазақстан
2/3
Қазақстан құрамасы
© Photo : Министерство обороны Республики КазахстанҚазақстан құрамасы
Қазақстан құрамасы - Sputnik Қазақстан
3/3
Қазақстан құрамасы
1/3
Қазақстан құрамасы
2/3
Қазақстан құрамасы
3/3
Қазақстан құрамасы
Ойындардың салтанатты жабылу рәсіміне ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов қатысты. Әскери ведомство басшысы бүгінгі таңдағы халықаралық ойындар достықтың, халықаралық ынтымақтастықтың, бейбітшілік пен ниеттестіктің жаңа нышанына айналып, айрықша мазмұны және ғаламат ауқымымен ерекшеленді.

АрХО-2017 сайысында қазақстандық құраманың өнер көрсетуінің шарықтау шегі "Танк биатлоны" байқауы болды. Онда танкішілеріміз 1 сағат 45 минут 41 секунд нәтижесімен Т-72 танкісінің базалық моделінде жоғары кәсібилік пен басқару шеберлігін паш етіп, екінші орынды иеленді.

 

 

 

 

"Достастық жауынгері" байқауының бас номинациясының екі дүркін чемпионы атанған 97616 әскери бөлімінің батарея сержанты аға сержант Орынбек Сәндібековтің жеңісін айрықша атап өткен жөн. Қазіргі уақытта Армия халықаралық ойындары халықаралық әскери қоғамдастықта жоғары мәртебеге ие болып отыр. 2017 жылы ойын бағдарламасына "ҰҰА сайысы", "Достастық жауынгері", "Жол патрулі", "Күзет сақшысы" және "Әскери ралли" атты бес жаңа байқау енгізілді.

Жыл сайын елдер арасындағы достастық өзара қарым-қатынасты нығайту мен дамытудың маңызды факторы бола отырып, сайыстардың пішімі жетілдіріліп, қатысушылардың ауқымы кеңейе түсуде. 

Жаңалықтар
0