03:33 22 Шілде 2018
Тікелей эфир
  • USD346.68
  • EUR404.02
  • RUB5.47
Кездесу

Сириялық оппозиция Астанадағы кездесуге Елбасын сыйлағандықтан ғана қатысқан

© Sputnik / Ксения Воронина
Саясат
Қысқа сілтеме алу
16 0 0

Қазақстан СІМ басшысы сириялық оппозицияның Қазақстан мен оның мемлекет басшысы туралы не ойлайтынын айтты

АСТАНА, 24 тамыз — Sputnik. Сирияның қаруланған оппозиция көшбасшылары Астанада келіссөздер жүргізу үшін оппоненттерімен бір үстел басына отыруға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен қазақстандықтарға деген құрметі үшін ғана келісім берген, деп мәлімдеді ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.

Бейсенбі күні "Казахстанская правда" газетіне министрдің сұхбаты жарияланды. Онда Әбдірахманов айтқандай, Астанадан қазіргі заманғы қиын мәселелерді реттеудегі алғаілгерілеушілік туралы жақсы хабарлар тарау үшін Қазақстан әрі қарай қарқынды еңбек етуді жалғастыруы тиіс.

Министр атап өткендей, Астанада өзіндік бір диалог мәдениеті қалыптасып келеді, оған батыстың да, шығыстың да сөйлеу нормасы тән, басты белгілері – өзара сыйластық, кеңпейілділік, бітімгершілік, салиқалылық.

"Сириялық қаруланған оппозиция делегациясы басшыларының айтқан сөздерін еске сала кетпесем болмайды, олар Қазақстанның мемлекет басшысы мен халқымызға деген құрметінің арқасында ғана Астаналық процеске қатысып, өздерінің қарсыластарымен бір үстел басына отыруға келісім берген", — деп мәлімдеді Әбдірахманов.

Басты тақырыптар