12:09 21 Шілде 2018
Тікелей эфир
  • USD346.68
  • EUR404.02
  • RUB5.47
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев

Елбасы қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

© Sputnik / Бондаренко Сергей, Отрабаев Бола
Саясат
Қысқа сілтеме алу
37 0 0

Еліміздің Ата заңы 1995 жылғы 30 тамызда қабылданды

АСТАНА, 30 тамыз – Sputnik. Қазақстан резиденті Нұрсұлтан Назарбаев ел халқын Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

"Қымбатты отандастар! Баршаңызды халқымыз үшін маңызы зор мереке – Конституция күнімен құттықтаймын! Осыдан 22 жыл бұрын жалпыхалықтық референдумда қабылданған Ата заңымыз Қазақстан Республикасының зайырлы, құқықтық және біртұтас мемлекет ретіндегі базалық негізін қалады", — делінген құттықтау мәтінінде.

Президент Конституция тәуелсіздігіміздің берік тірегіне, табысты дамуымыздың және Қазақстанның халықаралық деңгейдегі биік беделінің кепіліне айналғанын атап өтті. Ол еліміздің басты құндылықтары ретінде қоғамдық-саяси бірлікті, келісім мен тұрақтылықты қалыптастырды.

"Саяси жүйенің тиімділігін арттыру және мемлекеттігіміздің мызғымастығын қамтамасыз ету бағытында елімізде жүргізілген конституциялық реформа жаңа жаһандық өзгерістерге жауап береді. Конституциямыз Қазақстанның әлемнің озық 30 елінің қатарына қосылуы жолында жаңғыру үдерісін одан әрі іске асырудың, демократиялық бастамаларымызды нығайтудың, азаматтардың әл-ауқатын көтерудің және қоғамды біріктірудің маңызды факторы болып саналады, — деді елбасы. 

Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарға шын көңілден бейбіт өмір, табыс және құт-береке тіледі.


Басты тақырыптар