Саясат

Елбасы қарашада Белоруссияға іссапармен барады

© Официальный сайт Президента КазахстанаНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан  Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан мемлекет басшысының Минскіге сапары барысында экономикалық ынтымақтастық бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады

АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. 2017 жылы қарашада президент Нұрсұлтан Назарбаев Белоруссияға іссапармен баруы мүмкін, деп хабарлады РИА Новости Минскідегі республика елшісі Ерғали Бүлегеновке сілтеме жасап. 

"Қарашада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Минскіге ресми іссапармен келуі мүмкін", — деп мәлімдеді Бүлегенов баспасөз мәслихатында.

Бүлегенов атап өткендей, Қарағандыда 22 қыркүйекте өтетін сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссия отырысында дайындалатын өзара ықпалдасу туралы бірқатар құжатқа ресми іссапар барысында қол қою жоспарланған. 


Жаңалықтар
0