Саясат

Нұрсұлтан Назарбаев 16-17 қыркүйекте Өзбекстан мен Түркменстанға барады

© AFP 2024 / JOHN MACDOUGALL Ақорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы Ташкентте өтетін Қазақстан-Өзбекстан бизнес форумына және Ашхабадта өтетін Азия ойындарына қатыспақшы

АСТАНА, 13 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан мен Түркменстанға жұмыс сапарын жоспарлады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысының Ташкентке сапары 16 қыркүйекте басталады. Ол жерде Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев мемлекеттердің екі жақты қарым-қатынасын талқылайды. 

"Сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан-Өзбекстан бизнес форумына қатысуы жоспарлануда", — делінеді хабарламада. 

Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркменстанға жұмыс сапары 17 қыркүйекте болады. Президент Ашхабадтағы V Азия ойындарын және әскери өнер ойындарын тамашалайды.


Жаңалықтар
0