22:19 23 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Астанадағы Сирия мәселесіне қатысты кезекті келіссөздер

Бейсенбі күні Астанада Сирия жөніндегі кезекті келіссөздер басталады

© Sputnik / Ксения Воронина
Саясат
Қысқа сілтеме алу
21 0 0

Тараптар гуманитарлық сипатта Сириядағы тарихи ескерткіштерді минадан тазарту туралы ортақ мәлімдеме қабылдауды және оны Идлибтегі бақылау күшінің құрамын келісуді жоспарлап отыр

 

АСТАНА, 14 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанның елордасында Сириядағы қайшылықтарды қалыпқа келтіру жөніндегі жоғары деңгейдегі келіссөздердің алтыншы кезегі басталды. 

Келіссөздер басталар алдында бір күн бұрын, 13 қыркүйекте Сириядағы татуластыққа кепілгер мемлекеттердің – РФ, Иран және Түркия  сарапшылары отырыс өткізді. Кездесулер екі жақты сипатта, жабық есік аясында болды.

Негізгі келіссөздер 14-15 қыркүйек аралығында өтеді. Осы екі күннің ішінде ортақ қызығушылығы бар тараптар арасында екі жақты және жан-жақты кездесулер ұйымдастырылады. 

Қатысушылар

Ресей делегациясын РФ президентінің арнайы өкілі Александр Лаврентьев бастап келеді. Таяу Шығыс мәселесі жөніндегі АҚШ мемлекеттік хатшысы көмекшісінің міндетін атқарушы  Дэвид Саттерфилд бақылаушы ретінде қатысады.

Сонымен қатар Сирия үкіметінің делегациясы құрамы анықталды. Оны БҰҰ жанындағы Сирия Араб Республикасының тұрақты өкілі Башар Аль-Джаафари басқарады. 

Сириялық қарулы оппозициясының құрамында 25 адам болады деп күтілуде. Оны Сириялық еріктілер әскері Бас штабының басшысы Ахмад Берри бастап келеді.

 Иран делегациясын Ислам мемлекетінің СІМ басшысының орынбасары Хосейн Джабер Ансари басқарады. Сондай-ақ келіссөздер барысында Түркия мемлекеті де қатысады. 

 

 


Басты тақырыптар