Саясат

Астанаға сирияаралық келіссөздердің барлық қатысушылары келді

© Sputnik / Ксения ВоронинаСирия жөніндегі келіссөздер
Сирия жөніндегі келіссөздер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның елордасына кепіл-мемлекеттер мен сириялық қарулы оппозиция өкілдері келді

АСТАНА, 14 қыркүйек — Sputnik. Астанаға Сирия жөніндегі келіссөздердің барлық қатысушылары келді, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. 

"14 қыркүйек күні Сирия жөніндегі Астаналық процестің алтыншы кезеңі басталады. Бүгінгі күні Қазақстан елордасына бұл келіссөздерге қатысатын барлық жақтың өкілдері келді", — дейді СІМ.

Астанадағы Сирия мәселесіне қатысты кезекті келіссөздер - Sputnik Қазақстан
Саясат
Бейсенбі күні Астанада Сирия жөніндегі кезекті келіссөздер басталады

Ведомство мәліметтері бойынша Ресей делегациясын РФ президентінің арнайы өкілі Александр Лаврентьев бастап келді. Түркия мен Иран делегацияларын — Сыртқы істер министрінің орынбасарлары Седат Онал мен Джабер Ансари басқарып келді. Сондай-ақ БҰҰ Сирия жөніндегі арнайы өкілі Стаффан Де Мистура да келді. Американдық делегацияны таяушығыстық мәселелерді реттеу жөніндегі АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі м.а Дэвид Саттерфилд және СІМ саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Науаф Уасфи Тель басқарған Иордания делегациясы да келіп жетті. 

"Сонымен қатар, құрамында әртүрлі топтардан құралған 24 адам бар, сириялық қарулы оппозицияның өкілетті өкілдері де келді", — деп нақтылады баспасөз қызметі. 

Алтыншы кездесу барысында бірқатар құжаттар қарастырылады деп күтілуде. Тараптар ЮНЕСКО Дүниежүзілік мәдени құндылықтары тізіміне енген, Сириядағы тарихи ескерткіштерді гуманитарлық сипатта минадан тазарту туралы ортақ мәлімдеме қабылдауды көздейді. 


 

Жаңалықтар
0