22:20 23 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Нұрсұлтан Назарбаев

Елбасы сириялық келіссөздерді өткізуге неліктен Астана қаласының таңдалғанын айтып берді

© Официальный сайт Президента РК /
Саясат
Қысқа сілтеме алу
16 0 0

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше Сирияда бейбітшілік орнауына әлі ерте

АСТАНА, 14 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сириялық келіссөздерді өткізуге неліктен Астана қаласының таңдалғанын айтып беріп, Сирияда бейбітшіліктің қашан орнайтыны жайында пікір білдірді.

"Иран, Россия, Турция, басқа да елдер маған өтініш білдірді, өйткені еліміз барлық мемлекеттермен жақсы қарым-қатынаста – Қазақстан десе ешкімнің, кежегесі кері тартпайды. Келіссөздерді өткізуге алаңқай ұсынуды сұрады. Біз келісім бердік, келіссөздер жүріп жатыр, кезекті раунд бүгін болады", — деді Назарбаев Ақордада баспасөз мәслихатында. 

"Қазір деэскалацияны жалғастыру үшін жаңа аймақ талқыланады. Меніңше, біз бұған үлкен үлес қосып жатырмыз ", — деп жалғастырды Елбасы.

Сириядағы бейбітшіліктің орнауы туралы мәселеге келгенде мемлекет басшысы мынадай пікір айтып өтті:

"Менің ойымша, бейбітшілік орнауына әлі ерте, бірақ әр мемлекет мүмкіндігінше үлес қосып, тездетуі қажет… Біз де өз міндетімізді атқарып жатырмыз, осы бағытта қызмет ете бергеніміз жөн деп санаймын", — дейді президент.

Басты тақырыптар