21:09 25 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Сырдария өзені

Назарбаев Өзбекстанмен арадағы су мәселесі туралы мәлімдеді

© Foto: акимат южно-Казахстанской области / Самат Мырзалиев
Саясат
Қысқа сілтеме алу
21410

Назарбаев өзінің өзбек әріптесі Шавкат Мирзиёевпен трансшекаралық су ресурстары жайында сөйлескенін айтты

АСТАНА, 16 қыркүйек — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаевтың Ташкентке сапары кезінде, Қазақстан мен Өзбекстан басшылары трансшекаралық өзендер мәселесін талқылау кезінде белгілі бір жетістікке жетті, деп хабарлайды, Sputnik Өзбекстан.

"Біз өте күрделі болып табылатын су мәселесін талқыладық. Біз екі үлкен өзеннің жармасында тұрамыз, осылай болған, бұдан әрі бола береді де. Менің ойымша, біз бұл мәселеде шегіне жеттік. Ол алдағы уақытта бұл өзендер Орталықазиялық аймақтың одан ары дамуына әсер етеді. Трансшекаралық өзендер аймақта өмір сүретін барша халықтың ортақ құндылығы болып табылады", — деп атап өтті Қазақстан басшысы. 

Оның айтуынша, миллиондаған адамның өмірі және барлық елдердің тұрақтылығы  суды орынды пайдалану жағдайына тәуелді. Елбасы Қазақстанға көрші мемлекеттерді ортақ су көздерін өзара тиімді пайдалануға шақырды. 

"Біздегі бар мәселе – Арал теңізінің айналасындағы жағдай. Келесі жылы Аралды құтқару Халықаралық қорына 25 жыл толады. 

Қазіргі уақытта ол осы проблемаға қатысты мемлекетаралық жалғыз механизм. Осыған орай, біз қордың қызметін одан ары жетілдіріп, келесі жылы осы мәселеге қатысты кездесуді жоғары деңгейде өткізуге ниеттіміз", — деді Назарбаев.

Қазақстан мен Өзбекстан көп жылдардан бері Сырдария өзенінің су ресурсын пайдалану бойынша келіссөздер жүргізіп келеді. Жыл сайын көктемгі мезгілде оңтүстік қазақстандық диханшылар үшін Өзбекстан тарапына қатысты болатын, суармалы егістікке қажетті су алу мәселесі туындайды. 


Басты тақырыптар