Саясат

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанда отырып, Головкинге жанкүйер болды

© Photo : официальная страница Акорды в Facebook Нұрсұлтан Назарбаев Головкин-Канело жекпе-жегін көрді
Нұрсұлтан Назарбаев Головкин-Канело жекпе-жегін көрді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өзбекстандағы сапары кезінде мемлекет басшысы шәй үстінде отырып, Геннадий Головкин мен Сауль Альварестың жекпе-жегін көрді

АСТАНА, 17 – Sputnik. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін уәде еткендей, өзінің шетелдік сапарына қарамастан,  Геннадий Головкин мен Сауль Канело жекпе-жегінің трансляциясын көрді.

Шәй үстінде отырып, теледидар арқылы жекпе-жекті көріп отырған мемлекет басшысының суретін Facebook желісіндегі Ақорда баспасөз қызметінің ресми парақшасы жариялады.

Головкин-Альварес жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Спорт
GGG - Канело: жеңіс ешкімге бұйырмады
 

Хабарламада: "Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапар кезінде мемлекет басшысы тікелей эфир арқылы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен жекпе-жегін көрді", — деп жазылды. 

Нұрсұлтан Назарбаев 16-17 қыркүйек күндері Өзбекстан мен Түркменстанға жұмыс сапарымен барды. 

Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен оның мексикандық қарсыласы Сауль Канело арасында болған жекпе-жек тең көрсеткішпен аяқталды. 

 


Жаңалықтар
0