Саясат

Назарбаев жұмыс сапарымен Ашхабадқа келді

© Sputnik / Сергей Субботин / Медиабанкке өтуАшхабадтағы Түркменстан президентінің сарайы
Ашхабадтағы Түркменстан президентінің сарайы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы Түркменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесіп, жабық ғимараттардағы және әскери өнер бойынша V Азиялық ойындардың ашылу салтанатына қатысады

АСТАНА, 17 қыркүйек — Sputnik. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Түркменстанға келді, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. 

Сапар аясында Түркменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесу жоспарланған. 
Оған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев жабық ғимараттардағы және әскери өнер бойынша V Азиялық ойындардың ашылу салтанатына қатысып, Қазақстанның ұлттық және спорт делегациясы өкілдерімен кездеседі. 


Жаңалықтар
0