Саясат

Атамбаев Сочиде өтетін ЖЕАЭК отырысына бармайтын болды

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуҚырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев
Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қырғыз Республикасының Президенті өз елінде болып, сайлауға қатысты дайындықты бақылауда ұстамақшы

АСТАНА, 9 қазан — Sputnik. Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаев Сочиде 10-11 қазанда өтетін ТМД елдері басшыларының және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына баруға жоспарланған жұмыс сапарын өзгертті, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Алмазбек Атамбаевтың тапсыруымен Сочиде өтетін ТМД елдері басшыларының және ЖЕАЭК отырысына қатысуға Сапар Исаков бастаған делегация аттанады.

"Сайлау күні жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру фактілерін анықталғанын, жеке саясаткерлердің криминалитет өкілдерін тарту жағдайын, сонымен қатар ол саясаткерлердің шетелдік көмекке жүгінетінін есепке ала отырып, елдегі қауіпсіздік пен тәртіпті жеке бақылау үш ел президенті өзінің жұмыс сапарынан бас тартты", — делінген баспасөз хабарламасында. 

Жоғары экономикалық кеңес – Еуразиялық экономикалық одақтың жоғары ұлттық одағы болып табылады. ЖЕАЭК құрамына Евразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары кіреді. 

 

Жаңалықтар
0