08:11 17 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Бақытжан Сағынтаев

Сағынтаев: досқа күлкі, дұшпанға таба болмау үшін екі халықтың достығы мен бірлігін сақтайық

© Sputnik / Болат Шайхинов
Саясат
Қысқа сілтеме алу
111 0 0

Қырғыз елінің мемлекет басшысы Алмазбек Атамбаевтың Қазақстанға қатысты айтқан сөзі қоғам ішінде бірнеше күннен бері қызу талқыланып жатыр

АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Сайлау науқаны өтеді, бірақ ол бауырлас екі елдің арасына жік түсірмеу керек. Досқа күлкі, дұшпанға таба болмау үшін екі халықтың достығы мен бірлігін сақтайық, деді премьер-министр Бақытжан Сағынтаев.

Үкімет отырысын бастамас бұрын Бақытжан Сағынтаев Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың Қазақстанға қатысты айтқан сөзіне байланысты кешегі өз мәлімдемесіне тоқталды. 

"Менің ойымша, мықты, жауапты саясаткерлердің мұндай сипаттағы әрекет жасауы ойға қонымсыз. Мен өз мәлімдемемде үкіметтің ресми позициясын көрсеттім, ол нақты факторларға негізделген. Қазақстанның жетістіктері дау тудырмайды және ол халықаралық қауымдастықпен мойындалған. Мұның барлығына Қазақстан президенті, біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бағдары мен саяси көшбасшылығының арқасында қол жеткіздік.  Қазақстан Қырғызстан үшін бауырлас мемлекет, бұл тек қана сөз емес. Мәселен, Қырғызстан республикасының көлік-тауар щығыстары – әуе де, темір жол, автомобиль бағдарлары Қазақстан арқылы өтеді. Бірақ біз ешқашан шектеу шараларын енгізген емеспіз. Осы жылдар ішінде біздің еліміз қырғыз халқына қырғыз басшылығының өтініштеріне түсіністікпен қарауға көмектесіп келеді", — деді Сағынтаев.

Үкімет басшысы біздің ата-бабаларымыздың "қазақ пен қырғыз бір туған" деп,  екі халықтың достығына ерекше мән бергенін тілге тиек етті. 

"Ғасырлар бойы қалыптасқан осынау достықты, туыстықты біз қадірлеуіміз керек. Сайлау науқаны өтеді, кетеді. Алайда ол бауырлас екі елдің арасына жік түсірмеуі керек.  Біздің Елбасымыздың ұстанған саясаты да осы елдің туысқан халықтарының бірлігі. Ертең досқа күлкі, дұшпанға таба болмау үшін ғасырлардан жеткен екі халықтың достығын, бірлігін сақтайық.  Қайта оны саяси экономикалық жағынан әрі қарай нығайту үшін барлығымыз бірлесіп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұмыс істеуіміз керек", — деп түйді сөзін премьер-министр.

Басты тақырыптар