07:37 23 Қараша 2017
Тікелей эфир
Тапанша

Қазақстан Сенаты қару-жарақ саудасы туралы келісімді ратификациялады

© Sputnik /
Саясат
Қысқа сілтеме алу
33 0 0

Келісімге қол қойған мемлекеттер қару-жарақ саудасына қатысты дүниежүзілік стандарттарды қолдануға міндетті болады

АСТАНА, 12 қазан — Sputnik. Қазақстан Парламенті сенатының депутаттары бейсенбі күні болған отырыс кезінде қару-жарақ саудасы туралы келісімді ратификациялады.

Бұған дейін, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаровтың хабарлауынша, Қазақстанның бұл келісімге қосылуы еліміздің  "заңсыз қару-жарақ саудасымен күрес жүргізетін және бейбітшілік пен қауіпсіздікті ұстанатын халықаралық қауымдастықтың жауапты мүшесі" ретіндегі қызығушылықтарын алға тартуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

2013 жылы 2 сәуір күні Нью-Йоркта бекітілген Келісім қару-жарақтың қалыпты саудасын реттеуге қатысты жалпыға бірдей халықаралық стандарттарды белгілеуге, сонымен қатар заңсыз қару-жарақ саудасымен күрес жүргізуге бағытталған.  


Басты тақырыптар