Саясат

Назарбаев: Қазақстан Ресейдің ең сенімді серіктесі болады

© Sputnik / Алексей Дружинин / Медиабанкке өтуҚазақстан Перзиденті Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ президенті Владимир Путин
Қазақстан Перзиденті Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ президенті Владимир Путин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев Сочиде Владимир Путинмен кездесті

АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Екі елдің басшылары екі жақты серіктестіктің өзекті мәселелерін және оларды одан ары дамытуға қатысты мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Ақорда. 

Мемлекет басшысы, Ресей Қазақстанның экономика және басқа да салалардағы маңызды стратегиялық серіктесі екенін атап өтті.

"Биылғы жылы біз екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастың 25-жылдығын атап өтеміз. Осы жылы өзара сауда көлемі үш есе артты. Барлық бағыттар бойынша жаңадан құрылған ортақ кәсіпорындар қалыптасып келеді", — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
ТМД мемлекет басшылары Кеңесінің отырысы - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев ТМД көлемінде еркін сауда туралы келісім құруды тездетуге шақырды
Мемлекет басшысы екі елдің ЕАЭО аясындағы жемісті ынтымақтастығын атап өтті.
"Қалыптасқан қиыншылықтарға қарамастан біз алға қарай жылжып келеміз. Қазақстан Ресейдің ең сенімді әрі ең жақын серіктесі болады. Оған қоса, біздің Байқоңыр бойынша қарым-қатынасымыздың дамуын да атап өтуге болады", — деп мәлімдеді мемлекет басшысы. 
Сонымен қатар, екі ел басшылары алдағы уақытқа жоспарланған кездесулердің кестесін талқылап, аймақтық саясаттың өзекті мәселелеріне ерекше тоқталды.

Жаңалықтар
0