10:32 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Нұрсұлтан Назарбаев Сочидегі Владимир Путинмен өткізген келіссөздерден кейін

"Оның бәрі жалған" - Назарбаевтың Сочиде айтқан бес маңызды сөзі

© Официальный сайт Президента РК
Саясат
Қысқа сілтеме алу
606 0 0

Нұрсұлтан Назарбаев Сочиде қандай маңызды мәлімдемелер жасады? Sputnik Қазақстан басшысының айтқан маңызды сөздерін назарларыңызға ұсынады

АСТАНА, 13 қазан — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейде жұмыс сапарымен болды, ол Сочиде ТМД мемлекеттері басшыларының кеңесі және Жоғарғы еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты. Сондай-ақ мемлекет басшысы Ресей президенті Владимир Путинмен екіжақты келіссөздер өткізді. 

Екі мемлекеттің басшылары екіжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін, өзара қарым-қатынасты әрі қарай дамыту перспективасын талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің экономика ғана емес, басқа да салаларда Қазақстанның маңызды стартегиялық серіктесі екенін атап өтті. 

 

  • "Қазақстан Ресейдің ең сенімді және жақын серіктесі болады", — деді Назарбаев. 
  • "Ресей экономикасындағы қиындықтар, санкцияларға қарамастан біз алға жылжып келеміз, осы бағдарымызды дамытуға бел будық", — деді президент. 
  • "Байқоңыр бойынша біздің серіктестігіміз жақсы дамып жатыр, жақында ол жақта болып қайттым, Сізге айтып беремін", — деді Назарбаев Путинге қарата айтқан сөзінде. 
  • "Мазмұнды кездесулер, үнемі пікір алмасудың арқасында шешілмеген ешбір сұрақ жоқ", — ден атап өтті Елбасы.
  • "Оның бәрі жалған", — деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев "Қырғызстан президенттігіне оппозициядан ұсынылып отырған кандидат Омурбек Бабановты қодайсыз ба?" деп сұраған журналистерге. 

 

Путинмен маңызды мәселелерді талқылай отыра, Қазақстанның мемлекет басшысы ресми хаттамадан сәл ауытқып, Сочидегі тамаша ауа райын атап өтті. 

 "Сочиде тағы да кідіруші едім – ауа райы тамаша", — деді Елбасы. 

Ал ресейлік журналистердің Путиннің туған күніне қандай сыйлық әкелдіңіз деген сұрағына президент "дәл қазір осы жөнінде сөйлесіп отырмыз" деп әзілдеді. 

© Sputnik.
"С удовольствием задержался в Сочи" – о чем Назарбаев говорил с Путиным

 

Басты тақырыптар