Саясат

Жээнбеков өзінің Назарбаевқа деген көзқарасы туралы айтып берді

© REUTERS / Vladimir PirogovСооронбай Жээнбеков
Сооронбай Жээнбеков - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Баспасөз конференциясы кезінде Сооронбай Жээнбеков Қазақстан және Нұрсұлтан Назарбаев туралы өз пікірін білдірді

АСТАНА, 16 қазан — Sputnik. Сооронбай Жээнбеков Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа құрметпен қарайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

"Әр мемлекет – тәуелсіз, осыған орай біз барлықтарына құрметпен қарауымыз керек. Сол кезде барлық мәселе өздігінен шешім табады. Біз барлығына бізге көрші мемлекеттерге құрметпен қараймыз", — деді Жээнбеков.

Қырғызстандағы президент сайлауы - Sputnik Қазақстан
Саясат
Тоқаев Қырғызстандағы президент сайлауына қатысты пікір білдірді

Жээенбеков Нұрсұлтан Назарбаевқа деген қарым-қатынасына байланысты, "ол көрші бауырлас мемлекеттің президенті. Біз, өзіміз серіктестік құрған мемлекеттер мен олардың президенттеріне құрметпен қараймыз", — деген пікір білдірді.

Қырғызстан өткен сайлау кезіндегі алдын ала мәліметтер бойынша, Сооронбай Жээнбеков сайлаушылардың 54,75% дауысын жинады.

Сайлау қарсаңында Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында көліктердің, жүктердің және жолаушылардың шоғырлануы байқалды. Үш өткізу-бақылау пункттерінде автокөлік кептелісі мен адамдардың кезегі қалыптасты. Қазақстан шекарадағы тексерістің күшейтуі жүргізіліп жатқанын түсіндірді. Бұл сонымен қатар Қырғызстандағы президент сайлауымен де байланысты орын алған болатын.

 

 

Жаңалықтар
0