Саясат

Астанада Қазақстан мен Қырғызстан премьер-министрлерінің кездесуі өтті

© AFP 2024 / JOHN MACDOUGALLАстанада Қазақстан парламентінің ғимараты
Астанада Қазақстан парламентінің ғимараты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта екі ел министрліктерінің басшылары қатысқан кеңейтілген келіссөздер өткізіліп жатыр

АСТАНА, 18 қазан — Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев қырғызстандық әріптесі Сапар Исаковпен кездесті, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің ресми сайты.

"Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев  Қырғыз Республикасының премьер-министрі  Сапар Исаковпен кездесті", — делінген хабарламада. 

Сапар Исаков басшылық еткен Қырғызстан делегациясы Астанаға кешкілік келіп жетті.

Делегация құрамына бірінші вице-премьер-министр Толқынбек Абдығұлов, Сыртқы істер министрі Эрлан Әбділдаев, Қаржы министрі Әділбек Қасымалиев, Экономика министрі  Артем Новиков, Мемлекеттік кеден қызметінің төрағасы Азамат Сүлайманов бар.

Оған қоса, Астанаға Мемлекеттік салық қызметінің төрағасы Октябрь Әбдықаимов, экономикалық қылмыспен күрес жөніндегі мемлекеттік қызметтің төрағасы Замирбек Осмонов, Мемлекеттік көші-қон қызметінің төрағасы Медетбек Айдаралиев, Мемлекеттік шекара қызметі төрағасының орынбасары Құрманбек Исаков және басқалар да келді. 

Шағын құрамдағы екі жақты келіссөздер өткізілді. Қазіргі уақытта екі елдің министрліктері мен ведомстволарының басшылары қатысқан кеңейтілген құрамдағы келіссөздер өтіп жатыр. 

Жаңалықтар
0