Саясат

Сирия бойынша келесі кездесу Астанада жаңа жыл қарсаңында өтеді

© Sputnik / Болат ШайхиновҚР СІМ басшысы Қайрат Әбрірахманов
ҚР СІМ басшысы Қайрат Әбрірахманов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Астана-8" желтоқсанның екінші жартысында өтеді

АСТАНА, 1 қараша— Sputnik. Сирия бойынша келесі кездесу Астанада желтоқсанның екінші жартысында өтеді, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов. 

Астанада 30-31 қазанда Сирия бойынша жетінші кездесу өтті. Министр жалпы отырыста  кепілгер мемлекеттер – Иран, Ресей және Түркияның келіссөздер қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдемесін оқып берді. 

"Сирия бойынша келесі жоғары деңгейдегі халықаралық кездесу Астанада 2017 жылғы желтоқсанның екінші жартысында өтеді", — деп оқыды мәлімдемені Әбдірахманов. 

Келіссөздерге қатысушылар Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен қазақстандық билікке Сирия қақтығысын реттеуге арналған жетінші кездесуді өткізгені үшін алғыстарын жеткізді. 


Жаңалықтар
0