16:38 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев

Назарбаев пен Путин Челябинскідегі форум барысында қандай мәселелерді талқылайды?

© Sputnik / Григорий Сысоев
Саясат
Қысқа сілтеме алу
Қазақстан-Ресей өңіраралық форумы (6)
11810

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Челябинскіде Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына орай Бірлескен мәлімдемеге қол қояды

АСТАНА, 9 қараша — Sputnik. Қазақстан және Ресей президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин 9 қарашада Челябинскіде қос елдің аймақаралық ынтымақтастығының 14-ші форумына қатысады.

Бұл жолы Ресей-Қазақстан форумының негізгі тақырыбы адам капиталының дамуы болады.

Форумның жалпы отырысы алдында Путин мен Назарбаев кездесу өткізбек. Қос елдің басшылары екі жақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды.  

Бірқатар мемлекетаралық, үкіметаралық, аймақтық және коммерциялық құжаттарға қол қою жоспарланған. Оның ішінде екі ел басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығына орай Бірлескен мәлімдемеге қол қояды.

Тақырып:
Қазақстан-Ресей өңіраралық форумы (6)

Басты тақырыптар