06:45 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Сирия бойынша келіссөздер

Ердоған Астанадағы Сирия бойынша келіссөздердің тиімділігін атап өтті

© Sputnik / Болат Шайхинов
Саясат
Қысқа сілтеме алу
16 0 0

Түркия президенті Астанадағы Сирия бойынша кездесулердің тиімділігін атап өтіп, Ресей мен АҚШ әскерлерін Сириядан алып кетуді ұсынды

АСТАНА, 14 қараша — Sputnik. Астанада Сириядағы ахуалды реттеу бойынша кездесулер нәтижесінде Сириядағы зорлық-зомбылық пен шиеленіс деңгейі төмендеді, деп мәлімдеді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

"Біздің пайымдауымызша, Астанадағы кездесулер мен деэскалация аймақтары бұл өңірде зорлық-зомбылық деңгейінің төмендеуіне айтарлықтай үлес қосты", — деді түрік лидері Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуін қорытындылап.  

Сонымен бірге, Ердоған Ресей мен АҚШ әскерлерін Сириядан алып кетіп, дағдарысты саяси жолмен шешуге үндеу тастады. 

Ол 2003 жылы америкалық әскерлердің Иракқа енгізілуін еске алды.

"Олар қалмаймыз деп кірді. Бірақ кетті ме? Жоқ. Әлем ақымақ емес. Айтуын айтып алып, істерге келгенде, бәрін басқа жасаймыз. Сирияның солтүстігінде Американың бес базасы бар, басқа өңірлерде тағы сегізі орналасқан – барлығы 13. Америка сол жаққа жеткізіп берген қару-жарақ бар. Ал Ресейдің Сирияда бес базасы бар. Бұл мәселені қайтеміз?", — дейді Ердоған.

Басты тақырыптар