Саясат

Үкімет басшысының кеңесшісі мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды

© Федерация футбола КазахстанаЕрлан Кожагапанов
Ерлан Кожагапанов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ерлан Қожағапанов ҚР мәдениет және спорт министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды

АСТАНА, 15 қараша — Sputnik. Үкімет қаулысымен Ерлан Қожағапанов ҚР мәдениет және спорт министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды премьер-министрдің сайты. 

Ерлан Қожағапанов 1968 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

1992 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2006 жылы РФ Мемлекеттік кеден комитетінің кеден академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1987 жылы бастайды. 1990–1994 жылдары кәсіперлікпен айналысады. 1994–2007 жылдары мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарда еңбек етті. 

2007–2013  жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары болды. 2013–2016 жылдары ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы, Қазақстан футбол федерациясының президенті қызметтерін атқарды. 

2016 жылғы желтоқсаннан бүгінгі күнге дейін премьер-министрдің кеңесшісі болып қызмет етті. 


Жаңалықтар
0