17:39 22 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.86
  • EUR435.32
  • RUB6.12
Тимур Сулейменов

Сүлейменов Атамбаевтың ЕАЭО-ға қатысты айтқан сөздеріне түсініктеме берді

© Sputnik / Болат Шайхинов
Саясат
Қысқа сілтеме алу
62 0 0

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Алмазбек Атамбаевтың сөздеріне қатысты пікір білдірді

АСТАНА, 21 қараша — Sputnik. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың Қазақстан туралы соңғы айтқан сөздеріне пікірін білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мен мемлекет басшыларының сөздеріне, тіпті, президенттіктен кетіп жатса да, түсініктеме бере алмаймын. Меніңше, бұл олай емес, ал оның қандай да бір дәлелді негіздері маған түсініксіз",- деді Сүлейменов журналистердің сауалына жауап беру кезінде. 

Ол Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ аясында да, Дүниежүзілік сауда ұйымы аясында да өз міндеттерін орындап отырғанын атап өтті. 

"Сондықтан бұл мәселе көбіне саяси сипатқа ие", — деді министр. 

Бұған дейін Атамбаев жақында Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, одан "ЕАЭО-ның құлдырауына" көз жұмбай, бұл мәселеге араласуды сұрағанын мәлімдеді. Сондай-ақ, Атамбаев Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы жағдайды реттеу перспективаларына тоқталды.

Загрузка...

Басты тақырып