Саясат

Ердоған: астаналық келіссөздер бүкіл өңірге оң ықпалын тигізді

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуТүркия президенті Режеп Тайып Ердоған
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түркия президенті елордамыздағы кездесулердің "елеулі нәтижесін" атап өтті

АСТАНА, 23 қараша — Sputnik. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Сочиде өткен Сириядағы қақтығысты реттеу мәселесі бойынша келіссөздер аясында астаналық келіссөздердің бүкіл өңірге пайдасын тигізгенін мәлімдеді, деп жазады РИА Новости.

"Атаналық кездесулер бүкіл өңірге оң ықпал етті, Аллаға шүкір! Елеулі нәтижеге қол жеткіздік", — дері Ердоған Ресей және Ирандағы әріптестерімен кездесуде.  

Естеріңізге сала кетсек, елордамызда сирияаралық дағдарысты реттеу бойынша жеті рет кездесу өткен болатын. Солардың бірінде Сириядағы қарулы қақтығысты тоқтату режимін бақылау бойынша бірлескен жедел топ туралы қаулы қабылданған еді әрі кепіл елдер Сирияда деэскалация аймақтарын құру туралы меморандумға қол қойды.

Жаңалықтар
0