Саясат

Мәжіліс депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

© Sputnik / Болат ШайхиновҚазақстан Парламенті, Мәжіліс
Қазақстан Парламенті, Мәжіліс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бақытжан Әбдірайым енді ҚР кәсіподақтар федерациясына төрағалық ететін болады

АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Мәжіліс депутаты Бақытжан Әбдірайымның өкілеттігі басқа қызметке ауысуына байланысты мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

"Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Бақытжан Әбдірайымның өкілеттігін өзінің өтініші негізінде мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу туралы сіздерге ұсыным енгізіп отыр", — деді бүгін мәжілістің жалпы отырысында Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен.  

Нұрсұлтан Назарбаев Бақытжан Әбдірайыммен кездесті - Sputnik Қазақстан
Саясат
Мемлекет басшысы Әбдірайымды жаңа қызметімен құттықтады
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин депутаттың мәжілістегі жемісті жұмысын атап өтіп, жаңа қызметте сәттілік тіледі және әріптестерінің атынан алғыс хат табыс етті. 

"Сіздермен бірге қоян-қолтық екі жылға жуық жұмыс істегенім мен үшін үлкен абырой мен жауапкершілік болды. Болашақта да жаңа салада сіздермен тығыз байланыста боламын деген үміттемін", — деді өз кезегінде Әбдірайым. 

Естеріңізге сала кетсек, жақында Нұрсұлтан Назарбаев Бақытжан Әбдірайымды кәсіподақтар федерациясының төрағасы лауазымына сайлануымен құттықтап, оның жаңа қызметіне табыс тілеген болатын.


Жаңалықтар
0