Саясат

Назарбаев: мен үшін екі туған күн бар

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін Елбасы Астанада "100 жаңа есім" жобасының жеңімпаздарымен кездесті

АСТАНА, 1 желтоқсан — Sputnik. Бүгін елордада "100 жаңа есім" жобасының жеңімпаздарымен кездесіп жатқан президент Нұрсұлтан Назарбаев екі туған күні бар екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Бүгінгі кездесуге келгендеріңіз үшін өте қуаныштымын. Мен үшін екі туған күн бар.  Біреуі – өзімнің туған күнім, яғни 6 шілде. Екіншісі – 1 желтоқсан. Бұл күні бүкіл халық болып, тұңғыш рет қазақ елі президентті сайлаған кез. Сол сынға  түсіп, тұңғыш рет сол жерде жеңіске ие болып, 90 пайыздан артық халықтың даусын жинадым. Содан бері 26 жыл өтті", — деді Елбасы.

Айта кетсек, "Қазақстанның100 жаңа есімі" жобасы елдің дамуына елеулі үлес қосқан талантты жандарды танытуды мақсат етеді. Қазақстанның кез келген азаматы өтініш жіберу арқылы өзінің табысқа жету тарихымен бөлісуге мүмкіндік алды.

Жаңалықтар
0