01:45 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Сооронбай Жээнбеков

Жээнбеков Назарбаевқа телефон соқты

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Саясат
Қысқа сілтеме алу
269 0 0

Сооранбай Жээнбеков Қазақстанға ресми сапармен келеді

АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының президенті Сооранбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың және өңірлік күн тәртібінің мейлінше өзекті мәселелерін талқылады.

Президенттер биылғы 2 желтоқсанда Астанада екі ел үкіметтері қол қойған Жол картасын дәйекті түрде іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Бұл тұрғыда Қырғызстан президенті күшейтілген шекаралық бақылаудың алынып, Қазақстан-Қырғызстан шекарасын күзету күнделікті режімге көшірілгені үшін Қазақстан президентіне алғыс айтты.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков алдағы кездесулер кестесін, соның ішінде Қырғызстан президентінің Қазақстанға сапармен келу мәселесін қарастырды.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, телефон арқылы сөйлесуге Қырғызстан жағы бастамашы болды. 


Басты тақырыптар