16:18 12 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.70
  • EUR428.70
  • RUB6.08
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев

Назарбаев пен Жээнбеков қазақ-қырғыз шекарасын шегендеу туралы шартқа қол қойды

© Официальный сайт Президента РК /
Саясат
Қысқа сілтеме алу
56 0 0

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қазақстанға ресми сапармен келді

АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтың Қазақстанға ресми сапарының қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартқа қол қойды.

 

Бұдан бөлек екі елдің шекара қызметінің басшылары қазақстан-қырғыз мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімге қол қойды. 

"Келіссөздер барысында күн тәртібіндегі экономикалық мәселелерге көңіл бөлінді. Қырғызстан президентімен соңғы Минскіде өткен кездесуден кейін  көп уақыт өткен жоқ, дегенмен осы кезеңде екі елдің үкіметтері арасында қол қойылған шекаралық, көлік, фитосанитарлық, ветеринарлық, салық және кедендік бақылау салаларындағы өзара іс-әрекет жөніндегі "Жол картасын" жүзеге асыру бойынша маңызды жұмыс атқарылды. Қазір жағдай қалыпты. Қазақстан тарапынан шекарадағы бақылау шаралары Еуразиялық  экономикалық одақ аясындағы біз қабылдаған келісімдерді орындау үшін іске асырылды. Нәтижесінде біздің шекарамыздағы жағдай тұрақталды. Өткізу бекеттерінде көлік кептелістері жоқ", — деді Нұрсұлтан Назарбаев баспасөзге арналған бірлескен мәлімдеме барысында. 

Өз кезегінде Сооронбай Жээнбеков  бүгін екі ел үшін тарихи құжатқа қол қойылғанын атап өтті. 

"Бүгін біз тарихи құжат – қазақстан-қырғыз мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартқа және қазақстан-қырғыз мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімге қол қойдық. Осылайша біз екі ел арасындағы мемлекеттік шекараны заңды тұрғыда рәсімдеуді аяқтадық. Бұл біздің шекарамыздың сенім, тату көрші және өзара тиімді ынтымақтастықтың қақпасы болуына ықпал ететініне сенімдімін", — деген Жээнбеков Назарбаевты Қырғызстанға ресми сапармен келуге шақырғанын айтты. 

Сапар кезінде Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғарғы мемлекетаралық кеңесінің кезекті отырысын өткізу жоспарланып отыр.

Загрузка...

Басты тақырып