Саясат

Ақорда Елбасы алған құттықтау хаттар туралы жариялады

© SputnikАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Хаттардың бәрінде Қазақстанның тұрақты дамуы мен ел абыройының артуы үшін Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген елеулі еңбегі аталып өткен

АСТАНА, 29 желтоқсан — Sputnik. Мемлекет басшысының атына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай хаттар мен жеделхаттар келіп түсті, деп хабарлайды Ақорда.

Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Путин Назарбаевқа құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшының атына Ресей Президенті Владимир Путин, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер, Франция Президенті Эмманюэль Макрон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедов, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Президенті Серж Саргсян, Украина Президенті Петр Порошенко, Грузия Президенті Георгий Маргвелашвили, Молдова Президенті Игорь Додон және т.б. құттықтау хаттарын жолдады.

Шетел мемлекеттері мен үкіметтері басшыларының құттықтау жеделхаттарында Қазақстан Республикасының қарқынды дамып келе жатқаны аталып өтіп, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы, елдің халықаралық аренадағы беделін бекітудегі рөлі айрықша көрсетілген.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Елбасы Дональд Трамптан құттықтау хат алды

Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудағы, сондай-ақ ынтымақтастықты мемлекетаралық деңгейде жолға қойып, дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасаған үлесіне халықаралық ұйымдардың басшылары мен өкілдерінің хаттары мен жеделхаттарында жоғары баға берілген. Солардың қатарында БҰҰ Бас хатшысы А.Гутерриштің, ҰҚШҰ Бас хатшысы Ю.Хачатуровтың, ШЫҰ Бас хатшысы Р.Алимовтың, Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Р.Гасановтың, Түрік мәдениеті халықаралық ұйымының Бас хатшысы Д.Қасейіновтің, Жалпыға ортақ кәсіподақтар конфедерациясының Бас хатшысы В.Щербаковтың, ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы – Атқарушы хатшысы С.Лебедевтің, Мемлекетаралық авиация комитетінің төрағасы Т. Анодинаның, Парламентаралық ассамблеялар кеңесінің Бас хатшысы лауазымын уақытша атқарушы С.Антуфьевтің құттықтау хаттары бар.

Мемлекет басшысы өзінің атына келіп түскен барлық хаттармен және жеделхаттармен мұқият танысып шығып, авторлардың барлығына жылы құттықтаулары мен ізгі тілектері үшін ризашылығын білдірді.

Жаңалықтар
0