Саясат

Назарбаев: 18 миллион халқы бар еңселі елге, мерейлі мемлекетке айналдық

© Официальный сайт Президента КазахстанаНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасы барша халықты жаңа жылмен құттықтап, әрбір шаңыраққа бақ-береке, бірлік тіледі

АСТАНА, 1 қаңтар  — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды жаңа 2018 жылмен құттықтады. 

"Жаңа жыл – барша жұрт ізгі тілекпен, үкілі үмітпен, ақ ниетпен асыға күтетін айрықша мереке. 2017 жыл Тәуелсіздік жылнамасында ерекше із қалдырған оқиғаларға толы болды. Ата заңымызға өзгеріс енгізіп, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру үшін маңызды қадам жасадық. Бабалар дәстүрінен нәр алып, болашақтың бағдарын айқындайтын Рухани жаңғыру жолын бастадық. Өткен жыл қазақ тілінің жаңа әліпбиі қабылданған тарихи шешім арқылы есте қалады. Біз саясатта, экономикада, спорт саласында маңызы зор халықаралық шараларға бастамашы болдық", — деді Назарбаев. 

"Татулық пен тұрақтылықтың мекені – Қазақстан ел мен елдің арасын жақындатты. Әлемнің әр түкпірінен келген спорт саңлақтары Қысқы Универсиада төрінде бас қосты. Астананың және бүкіл еліміздің ажарын ашқан "ЭКСПО" көрмесі беделімізді биіктетіп, абыройымызды асқақтатты. Барша мұсылман елдерінің басшылары қатысқан жиын өтті. Биыл біз он сегіз миллион халқы бар еңселі елге, мерейлі мемлекетке айналдық", — деді Елбасы. 

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Нұрсұлтан Назарбаев Жаңа жылды қайда қарсы алатынын айтты

Мемлекет басшысы өткен жылдың баршамыз үшін құтты жыл болды деп сеніммен айтуға болатынын айтты. 

"Жарқын жетістіктеріміз бен жасампаз жеңістеріміз – бекем бірлігіміздің арқасы. Бұл белестерді өздеріңізбен бірге алдық, толайым табыстарға сіздермен бірге жеттік", — деді Президент. 

Елбасы босағамыздан аттаған 2018 жылдың да берекелі болатынына сенім білдірді.Қазақстан келер жылды Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етумен бастайды.Бұл – қазіргідей күрделі кезеңде елімізге артылған үлкен сенім және зор жауапкершілік. Сонымен қатар алдағы жылы ерке Есілдің жағасындағы ажарлы Астананың 20 жылдығын атап өтеміз.

Астананың келбеті - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елімізде Жаңа жыл мерекесі күндері ауа-райы қандай болады?

"Елордасы еңселі, қуатты Қазақстанның мақсаты – биік, бағдары – айқын, келешегі – кемел.Келер жыл ел қазынасын еселеп, халықтың әл-ауқатын арттыратын жемісті жыл болсын! Алдағы жылда еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, ел ішінде ынтымақ пен молшылық арта берсін! Баршамыз сол үшін қызмет етейік! Әрбір шаңыраққа бақыт, береке, бірлік тілеймін!", — деді мемлекет басшысы. 


Жаңалықтар
0