Саясат

Қазақстанның Ресейдегі консулы тағайындалды

© SputnikҚазақстан мен Ресейдің тулары
Қазақстан мен Ресейдің тулары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа қызметке Бауыржан Ақатаев тағайындалды

АСТАНА, 17 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның Мәскеудегі консулы болып Бауыржан Ақатаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚР-ның РФ-дағы елшілігі. 

Установка юрты - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Тасмағамбетов Мәскеуде күмбезі киіз үй іспетті жаңа кеңсеге көшті

"ҚР Сыртқы істер министрінің бұйрығымен ҚР-ның Ресейдегі консулы болып Бауыржан Ақатаев тағайындалды", — деп хабарлайды елшілік. 

Бұған дейін ол ҚР СІМ консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары лауазымын атқарған. 

Бауыржан Ақатаев Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің түлегі. 2002 жылдан бастап ҚР СІМ жүйесінде еңбек етуде. Әр жылдары ҚР СІМ мемлекеттік қызмет протоколы, консулдық қызмет департаменті, ҚР-ның Тәжікстандағы елшілігінде де еңбек етті.


Жаңалықтар
0