Саясат

Назарбаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуНұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин, архивтегі фото
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективасын талқылады

АСТАНА, 22 қаңтар — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Америка Құрама Штаттарына ресми сапардың қорытындылары жөніндегі кеңес - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев АҚШ-қа сапары табысты болғанын мәлімдеді
Мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективасын, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің Еуразиялық экономикалық интеграция аясындағы өзара ықпалдастық мәселелерін талқылады.

Екі ел көшбасшылары Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонға сапарына және Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығына байланысты күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

 


Жаңалықтар
0