Саясат

Трамп Қазақстанда гольф бар екеніне таңғалды

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуГольф
Гольф - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президентінің Телерадиокешені Елбасының АҚШ-қа сапарының қорытындысы бойынша түсірілген деректі фильмнен үзінді жариялады

АСТАНА, 28 қаңтар — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа сапары кезінде Дональд Трампқа гольф ойнауды ұсынған.  

Елбасының АҚШ-қа іссапары барысында көптеген қызықты сәт болды, соның бірі Назарбаев пен Трамптың гольф ойнау жөнінде келіскені.

"Мен шақырып едім, ол Қазақстанда гольф бар екеніне таңғалды, гольф алаңдар, бірнеше клуб бар екенін айттым. Ойнайтын болып келістік", — деді Назарбаев АҚШ-тағы баспасөз брифингінде. 

Нұрсұлтан Назарбаев 18 қаңтар күні АҚШ-қа ресми сапармен барды. Вашингтонда мемлекет басшысы Дональд Трамппен, АҚШ-тың бизнес өкілдерімен кездесіп, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты.   


Жаңалықтар
0