03:47 21 Ақпан 2018
Тікелей эфир
Сирия бойынша келіссөздердің 6-шы раунды, архив

Сирия бойынша келіссөздердің кезекті раунды наурыз айына қалдырылды

© Sputnik / Болат Шайхинов
Саясат
Қысқа сілтеме алу
19 0 0

Астана процесі кепіл елдерінің кездесуі наурыз айында елордада өтуі мүмкін

АСТАНА, 13 ақпан — Sputnik. Сирия бойынша келіссөздердің келесі раунды Ресей, Түркия және Иран сыртқы істер министрлерінің кездесуінен кейін өтеді. Бұл туралы бүгін ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Бұған дейін министр Астана процесі ақпанның жиырмасы кезінде өтуі мүмкін екенін айтқан болатын. 

"Ресейлік әріптестеріміз Астана процесінің кепіл елдері – Ресей, Түркия және Иран – Астана процесі аясында сыртқы істер министрлерінің кездесуін өткізуді көздеп отырғанын хабарлады. Бұл кездесу Астанада өтуі мүмкін", — деді Әбдірахманов журналистерге берген жауабында. 

Министр келіссөз мерзімі мен күн тәртібі қазіргі таңда нақтыланып жатқанын айтса да, кезекті раунд наурыз айында өтуі мүмкін екенін тілге тиек етті. 

"Осыған байланысты Астана процесінің кезекті раундын жаңағы айтқан кепіл елдер сыртқы істер министрлерінің кездесуінен кейін өткізу көзделіп отыр. Астана процесі министрлер кездесуінен кейін, бөлек өтеді", — деп түйіндеді министр.

Басты тақырыптар