03:47 21 Ақпан 2018
Тікелей эфир
Дархан Мыңбай

Бұрынғы мәдениет министрі мәжіліс депутаты болды

© Foto: Служба центральных коммуникаций
Саясат
Қысқа сілтеме алу
522 0 0

Бұрынғы мәдениет және ақпарат министрі және ҚХА басшысының орынбасары депутат болды

АСТАНА, 13 ақпан — Sputnik. Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы Дархан Мыңбайды парламент мәжілісінің депутаты ретінде тіркеді. 

Дархан Мыңбайға ҚР Парламенті мәжілісінің депутатының куәлігі мен төсбелгісі табысталды.

"Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі" туралы Конституциялық заңға сәйкес сайланған депутат тіркеуден өткен соң өз өкілеттігіне кіріседі.

Дархан Мыңбай Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында дүниеге келген. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін журналист мамандығы бойынша, Шымкент университетін экономист мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты.

Әр жылдары ОҚО әкімінің орынбасары, ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі, ҚР Президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, ҚР мәдениет және ақпарат министрі болды.
2013-2017 жылдары ҚР Ұлттық мұражайының директоры қызметін атқарды.

2017 дың наурызынан Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары болды.

"Құрмет" орденімен, "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл", "Қазақстан Конституциясына 10 жыл", "Қазақстан Парламентіне 10 жыл" медальдарымен марапатталған.

Кілт сөздер:
экс-министр, мәжіліс депутаты, Дархан Мыңбай

Басты тақырыптар