Саясат

Назарбаев Арменияның жаңа президентін құттықтады

© Sputnik / Игорь Руссак / Медиабанкке өтуАрмен Саркисян
Армен Саркисян - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Серж Саргсянның орнына келген Армен Саркисян Арменияның төртінші президенті болып сайланды

АСТАНА, 3 наурыз — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Армен Саркисянға Армения Республикасының президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда. 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Армен Саркисянды Армения Республикасының президенті болып сайлануымен құттықтады. 

"Сіздің кәсіби біліктілігіңіз бен өмірлік тәжірибеңіз достас Арменияның қарқынды даму жолында жаңа табыстарға қол жеткізуіне мүмкіндік береді деп сенемін.Сіздің белсенді қолдауыңыздың арқасында Астана мен Ереван арасындағы достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастар алдағы уақытта да елдеріміздің игілігі үшін дами береді деп ойлаймын. Сізге зор денсаулық, жауапты қызметіңізде табыс, ал Армения халқына бейбітшілік пен бақ-береке тілеймін", – делінген жеделхатта.  

2 наурызда Арменияның ұлттық жиналысы Саркисянды жаңа, елдің төртінші президенті етіп сайлады. Оған 90 депутат дауыс берген, 10 депутат қарсы болған. Бұған дейін Армен Саркисян Арменияның Ұлыбританиядағы елшісі болып қызмет еткен. 

Арменияның бұрынғы президенті Серж Саргсянның өкілеттігі 9 сәуірде аяқталады. 

Жаңалықтар
0