Саясат

Президент парламент пен үкіметті не үшін жинағанын айтты

© Sputnik / Болат ШайхиновҚазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасының қатысуымен Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр

АСТАНА, 5 наурыз — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған өзінің жаңа әлеуметтік бастамаларын жария ету үшін парламент палаталары мен үкіметтің бірлескен отырысын шақырғанын мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

ҚР парламентінің ғимараты - Sputnik Қазақстан
Саясат
Елбасының қатысуымен парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр
"Мен бүгін парламентінің қабырғасынан жаңа әлеуметтік бастамалар көтеріп, халқыма үндеу жариялағалы отырмын. Бұл қадам талайдан бері менің көкейімде жүр. Бірақ, Қазақстан алдымен бойына күш, қазынасына қаржы жинап, қуатты елге айналуы керек еді. Міне, сол күн де туды. Бұл – біздің қоғамның әлеуметтік бірлігін нығайту үшін жігерімізді жанып, нақты іске кірісетін сәт. Біз оны ауқымды әлеуметтік жобалар арқылы жүзеге асырамыз. Мемлекет осындай түбегейлі шараларды қолға алады", — деп мәлім етті Елбасы. 

Мемлекет басшысы атап өткендей, "Қазақстан – біздің ортақ үйіміз" деген идея жаңа мағынамен толыға түсуге тиіс.  

"Жаңа ұсыныстардың маңыздылығын ескеріп, мен әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын әрі қарай жақсарта түсуге бағытталған жаңа әлеуметтік бастамаларымды өздеріңізбен талқылау үшін бүгінгі парламент палаталары мен үкіметтің бірлескен отырысын шақырттым. Бірден айтайын: бүгін айтылатын ұсыныстың бәрі – есеп-қисабы мұқият жасалған бағдарлама. Бұл – елдің игілігіне арналған ұтымды, сонымен қатар, оптимистік жоба. Мен өркендеген Қазақстан – ең алдымен мемлекеті өзін қорғап, қолдайтынын, қамқорлық жасайтынын сезінетін, тиісінше елін жан жүрегімен сүйетін, өздеріне сенімді адамдар деп санаймын. Сол себепті, біз бүгін жаңа, ауқымды әлеуметтік жобаларға жол ашамыз", — деген президент бес әлеуметтік бастамасын жария етті.

Жаңалықтар
0