Саясат

Назарбаев Си Цзиньпинге құттықтау жеделхатын жолдады

© Sputnik / Болат ШайхиновҚазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасы Си Цзиньпінді қайта тағайындалуымен алғашқылардың бірі болып құттықтады

АСТАНА, 17 наурыз — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Си Цзиньпинді Қытай Халық Республикасының Төрағасы лауазымына қайта тағайындалуымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Владимир Путиннің сайлау штабы - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев Путинге сайлауда сәттілік тіледі

Қазақстан Президенті бұл оқиғаны елдің ұлттық мүддесін ілгерілету ісіне зор үлес қосқан Си Цзиньпинге Қытай халқының жоғары бағасы ретінде атап өтті.

"Қытай Сіздің басшылығыңызбен орташа ауқатты қоғам құру жолында бұдан да биік шыңдарды бағындыратынына сенімдімін. Келешекте Қазақстан мен Қытайдың түрлі салалардағы стратегиялық әріптестігі қарқынды дами беретініне және халықтарымыздың достығы одан әрі нығая түсетініне еш күмәнім жоқ. Осыған орай өзара сенім мен түсіністікке негізделген біздің жеке достығымыздың маңызы ерекше. Арамыздағы қарым-қатынастарымыз бен бірлескен жұмысымыз келешекте Астана мен Пекиннің жемісті ынтымақтастығының берік тірегі болатынына кәміл сенемін", – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге зор денсаулық, бақ-береке тілеп, достас Қытай халқының өркендеуі мен дамуына ниеттестік білдірді.

Жаңалықтар
0